ШҚО-да 24 нысан «Ashyq» жобасынан шығарылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында 24 нысан «Ashyq» жобасынан шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үш айдан астам уақыт бойы облыста ПТР-дің жалпы базасы­мен біріктірілген QR­код арқылы мекемелерге келушілердің мәртебесін анықтауға мүмкіндік беретін «ASHYQ» қосымшасы жұмыс істеп келеді. Аталған жобаның көмегімен аймақтағы 600-ге жуық мекеме қатаң карантин шектеулері жағдайында жеңілдіктерге ие болды.

Бүгінгі таңда облыста QR-кодтты ең көп пайдаланған 59 ұйым анықталды. Атап айтсақ, Өскеменде 17, Семейде 37 кәсіпорын және Риддер, Курчатов қалалары, сондай-ақ, Үржар, Аягөз және Күршім аудандарынан әрқайсысынан 1 мекемеден «Ashyq» жобасына кіріп отыр. Олардың арасында қоғамдық тамақтандыру орындары да, мәдениет, спорт және бизнес объектілері де бар.

«ASHYQ» жобасынан шығарылатын мекемелер анықталды. Карантин талаптарын бұзу себептері бойынша жобадан барлығы 24 нысан алынып тасталды. Атап айтқанда, Өскеменде - 8, Семейде - 4, Алтай ауданында - 6, Үржар ауданында - 2, Абай, Жарма, Зайсан және Катонқарағай аудандарында бір-бірден. Олардың арасында сауда объектілері, санитарлық-курорттық демлыс және мемлекеттік мекемелер бар, - деп хабарлады ШҚО Ақпарат орталығы.


Соңғы жаңалықтар