ШҚО-да 21 жастағы жігіттің өліміне қатысты тергеу басталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданында екі жасөспірім адам өлтірген, оның бірі - кәмелеттік жасқа толмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Ішкі істер департаменті ҚазАқпарат тілшісіне Парыгино ауылының 21 жастағы тұрғынын өлтіру фактісін растады, қазір тергеу амалдары басталған.

6 сәуірдегі ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу материалдары Зырян аудандық ішкі істер бөлімінде жатыр.

Полиция адам өлтірді деген күдікпен 1996 жылғы және кәмелетке толмаған 2001 жылғы екі азаматты ұстады.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

«ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодекстің талаптарына сәйкес, қылмыстық іс бойынша қосымша ақпараттар жария етілмейді», - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен. 

Соңғы жаңалықтар