ШҚО-да 21 жастағы медицина қызметкері психотропты заттарды сатып келген

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында медицина қызметкері психотропты препараттарды сатумен айналысқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өскемен қалалық Полиция басқармасынан мәлім еткендей, «Дәрмек» жедел-алдын алу шарасын өткізу барысында қала аумағында психотропты препараттарды сатумен айналысқан 1999 жылы туған азамат анықталды.

21 жастағы жігіт жекеменшік наркологиялық клиникалардың бірінде мейіргер болып жұмыс істеген. Ол құрамында психотропты заттар бар препараттарды жасырын ұрлап келген.

«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 298-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды (есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді ұрлау немесе қорқытып алу). Осы қылмыстық өндіріс бойынша Психотроптық заттармен жұмыс істеу ережелерін бұзғаны үшін ұйымның психотроптық препараттарды сақтауға, есепке алуға, беруге және өткізуге жауапты лауазымды тұлғасы ҚР Қылмыстық кодексінің 303-бабы (есірткі, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу ережелерін бұзу) бойынша жауапкершілікке тартылды», - деді басқармадан.

Соңғы жаңалықтар