+7 (701) 759 90 19
USD 445.84 EUR 490.47
RUB 5.73 CNY 62.87
Jańalyqtar

ШҚО-да 21 жастағы мас жүргізушінің кінәсінен жол апаты болды

2020 жылғы 17 ақпан 07:40
Бөлісіңіз:
ШҚО-да 21 жастағы мас жүргізушінің кінәсінен жол апаты болды

КУРЧАТОВ. ҚазАқпарат — Шығыс Қазақстан облысында мас жүргізуші жол-көлік оқиғасын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда көлік желілері туралы интерактивті карта жасалды «ҚТЖ»: Пойыздар карантин жарияланған қалаларға бармайды Оралда автокөлік қоршауға ілініп қалды

Полиция бейнебақылау камераларына мониторинг жүргізу барысында Курчатов қаласында құқық бұзушылық фактісі орын алғанын анықтағанын хабарлады. «ВАЗ 2106» маркалы автокөлік жүргізушісі үйлердің бірінің ауласында көлік тұрағында тұрған «BMW 323» маркалы көлігімен соқтығысқандығы анықталды.

«Оқиға орнына бірден жедел топ жіберілді. Тексеріс кезінде мас күйінде «ВАЗ 2106» маркалы автокөлік руліне отырған 21 жастағы жүргізуші ұсталды. Бұл ретте ұсталған азамат 2019 жылдың қараша айында үш жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылған екен», — деп түсіндірді ШҚО ПД баспасөз қызметінде.

Сотқа дейінгі тергеу барысында жүргізуші кінәсін мойындады. Жақын арада материал Курчатов қалалық сотына жіберіледі деп жоспарлануда.

Автор:

Орал Ерланулы


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT