+7 (701) 759 90 19
USD 426.01 EUR 493.75
RUB 6.05 CNY 66.62
Jańalyqtar

ШҚО-да 2 мыңнан астам балаға оқуға қажетті құрал жабдықтар берілді

2021 жылғы 27 тамыз 18:40
Бөлісіңіз:
ШҚО-да 2 мыңнан астам балаға оқуға қажетті құрал жабдықтар берілді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 2 мыңнан астам балаға оқуға қажетті құрал жабдықтар берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қанша мектептің бейнебақылау жүйесі ҚР ІІМ бақылауына өтті Алматыда коронавирус жағдайлары 14 жасқа дейінгі балалар арасында артты Қарағанды облысының балабақшаларында мемлекеттік тапсырыс көлемі ұлғайтылды

Өңір бойынша аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан мектепке баратын екі мыңнан астам балаға оқуға қажетті құрал жабдықтар салынған сөмкелер табысталды. Бұл «Nur Otan» партиясының «Мектепке жол» акциясы аясында жүзеге асырылған.

«Партиямыз әрқашанда көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларды қолдайды. Еліміздің болашағын ту еткен жастардың ең басты міндеті – жақсы білім алу. Ата-аналар мен бүлдіршіндерді келе жатқан 1 қыркүйек – Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын», - деді «Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Олег Чугунков.

Аталған шара 10 жыл көлемінде дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Оған депутаттар, кәсіпкерлер, бастауыш партия ұйымдарының өкілдері және белсенді партия мүшелері үнемі демеушілік жасауда.

Айта кетейік, «Мектепке жол» акциясы аясында облыс бойынша жалпы 100-ден аса қайырымдылық шаралары ұйымдастырылады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT