ШҚО-да 2 млн-нан астам көшет отырғызылмақ

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының елді мекендеріне 2 млн-нан астам көшет отырғызылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақ басшысы Даниал Ахметов Өскемендегі «Нұрлы Жол» жаңа шағын ауданына барып, салынып жатқан жер үйлердің сапасын тексерді. Жуық арада мұнда алғашқы қоныстанушылар өз пәтерлеріне көше бастайды.

«Баспаналар заманауи талаптарға сай тұрғызылған. Аулаға кіретін жолдары кең, 1 пәтерге 1,5 орын схемасы бойынша тұрақ орындары қарастырылған. Кәсіпкерлікпен айналысатындарға да жағдай жасалып отыр. Сонымен қатар жақында осы шағынауданда 600 оқушыға арналған мектеп бой көтереді», - деді облыс әкімі.

Оның айтуынша, мердігер «Нұрлы Жол» компаниясы аудандағы жұмысын одан әрі жалғастыруға және ипотека арқылы берілетін үй салуға ниет білдірді. Әкімдік қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге дайын.

«Әрине, өңірдің әрбір шағын ауданы жасыл желекке көмкерілуі тиіс. Бұл туралы Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы да айтып отыр. Алдағы жылдары облыстың елді мекендеріне 2 миллионнан астам көшет отырғызамыз. Ең алдымен бұл игі істі әркім өз ауласынан бастау керек. Сонда аудандарымыз бен қалаларымыз одан әрі көркейеді», - деді Даниал Ахметов.


Соңғы жаңалықтар