+7 (701) 759 90 19
USD 423.95 EUR 495.81
RUB 5.84 CNY 65.6
Jańalyqtar

ШҚО-да 101 мың адам дауыс берген әкімдер сайлауының қорытындысы шықты

2021 жылғы 26 шілде 19:09
Бөлісіңіз:
ШҚО-да 101 мың адам дауыс берген әкімдер сайлауының қорытындысы шықты

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында ауыл әкімдерін сайлау қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да ауылға барып жұмыс істейтін 100-ден астам дәрігерге үй беріледі ШҚО-да 197 милионнан астам ағаш отырғызылмақ Өскеменде жасөспірімдер арасындағы қылмыс азайды

25 шілдеде Шығыс Қазақстанда 77 сайлау округі бойынша ауыл, кент және ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтті. Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ерсайын Нәбиевтің айтуынша, округтар бойынша сайлаушылар тізіміне 111 мыңнан астам адам енгізілген. Дауыс беруге 101 мыңнан астам адам немесе 90,9 пайызы қатысты. Әкім лауазымына үміткерлер арасында 232 адам болған. Барлық 77 сайлау округінде әкімдер сайланды.

«Оның ішінде 60 адамды Nur Otan партиясы, 11 адамды «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, 2 адамды Adal партиясы және Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы мен Қазақстанның Халық партиясы бір-бір адамнан ұсынды. Бұдан басқа, өзін-өзі ұсыну арқылы екі адам сайланды», - деді Ерсайын Нәбиев.

Ауыл, кент және ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарламалар аудандық сайлау комиссияларының интернет-парақшаларына жарияланған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT