+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

ШҚО-да 1000 тоннадан астам пішен өртенді

2021 жылғы 23 қазан 12:41
Бөлісіңіз:
ШҚО-да 1000 тоннадан астам пішен өртенді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданында 1000 тоннадан астам пішен өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жапонияда отқа оранған қойманы 60-қа жуық өрт сөндіру көлігі мен тікұшақ сөндіре алмай жатыр Атырауда емханадан өрт шығып 45 адам эвакуацияланды Алматыда қойма өртеніп жатыр

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 22 қазанда сағат 15.43-те Бесқарағай ауданындағы Жандос ауылының шетінде жиналған 1028 тонна пішен өртенген. Сондай-ақ от шаруашылық қора-жайдың ағаш құрылымдарына тарады.

- Құтқарушылар мен орманшылар оқиға орнына шұғыл келіп жеткен. Бірлескен үйлесімді іс-қимылдың арқасында 788 шаршы метр алаңдағы өрт 23 қазан күні сағат 10.10-да сөндірілді. ​Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 8 адам және орман шаруашылығынан 2 автоцистерна, 8 қызметкер, 3 техника және 2 трактор жұмылдырылды, - деп хабарлады ведомство өкілдері.

​Алдын ала мәлімет бойынша қызыл жалынның шығу себебі - жем-шөпті жинау кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау. ​ ​ ​ ​

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT