ШҚО-да 1 жарым гектарды шарпыған дала өрті сөндірілді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында ірі дала өрті сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өрт Алтай ауданындағы Кутиха ауылының маңында шыққан.

«Белгілі болғандай, жол бойында шөп өртенді. Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл келіп жетті. Қатты соққан желден жылдам тараған тілсіз жау жер үй аумағындағы шаруашылық қора-жайларға тарап кеткен. Өртпен күреске жеке құрамнан 20 адам мен Алтай ауданының мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің 4 техникасы жұмылдырылды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

125 шаршы метр құрылыс нысандары мен 1,5 гектар алаңдағы шөпті шарпыған өрт толықтай ауыздықталды. Қызыл жалынның шығуына – отты абайсыз қолдану себеп болған.



Соңғы жаңалықтар