ШҚО әкімдігінің бірқатар басшылары 35 млн теңге пара алды деп айыпталуда

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің бірқатар басшылары сыбайлас жемқорлық күдігіне ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары мен Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының заң бөлімінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

«Олар «Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында жәрдемдесу мен жалпы қамқорлық үшін ЖШС өкілінен 35 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде» делінген хабарламада.

Аталған лауазымды тұлғалар мен ЖШС өкілі ұсталып, Өскемен қаласының уақытша ұстау абақтысына қамалды. Бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе қарастырылуда.

Күдіктілерге қатысты түпкілікті шешімді сот шығарады.




Соңғы жаңалықтар