Шілденің соңғы күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 29-31 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты найзағай жарқылдайды.

30-31 шілде аралығында - шығыста, 31 шілдеде - оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады.

«Тек еліміздің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз, күн ашық болмақ. Республиканың барлық аумағында ауа температурасы күндіз батыста, солтүстік-батыста 25-41 градусқа, солтүстік пен шығыста 23-33 градусқа, орталықта 25-37 градусқа дейін көтеріледі деп болжанып отыр», — делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар