Шілде айында 163 мыңнан астам жамбылдық 42 500 теңгеден көмек алды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында шілде айында 163 мың тұрғын 42 500 теңгеден алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі таңға дейін Жамбыл облысында төлем жасауға 174 744 адам өтініш берген.

«Өтініш білдіргендердің ішінде 163 546 жамбылдыққа мемлекет тарапынан 6,9 млрд теңге көлемінде көмек көрсетілді. Облыстың 65 127 тұрғынына автоматты түрде, яғни проактивті форматта төлем төленді. Олардың қатарында шектеу шаралары салдарынан табысынан айрылғандар, алдыңғы айларда өтініш білдірген және төлем алған адамдар да бар», - дейді жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының орынбасары Олжас Баққараев.

Сонымен қатар, әр ауданда штабтар жұмыс істеуде десек, олардың құрамында жергілікті атқарушы органдардың, кәсіпкерлер палатасының, кәсіподақ пен ішкі істер департаментінің өкілдері бар.

Бүгінде штабта келіп түскен 20 342 өтінімнің 20 030-ы қаралып, комиссия мүшелерімен 16 250 өтініш мақұлданса, 3780 өтініш қанағаттандырылмады. Бұл мәселе облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың жеке бақылауында.

Айта кетейік, ел басшылығы тамыз айында ЕТЖ жартысын төлеу туралы шешім қабылдады. 1 тамызға дейін 42 500 теңге алғандарға ешқайда барудың қажеті жоқ, оларға автоматты түрде шотына 21 250 теңге аударылады.

Ал 1 тамыздан кейін өтініш бергендерге 1,5 АЕК немесе 63 750 теңге мөлшерінде төлем есептеледі.

Соңғы жаңалықтар