Шиелі ауданында саяқ шегіртке көбейіп кетті - Қызылорда облысы

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Шиелі ауданының 3 елді мекенінде саяқ шегіртке көбейіп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы мақсатта тиісті сала мамандары зиянкестерге қарсы дәрі шашу шрасын жүргізді. Шиелі ауданында аталған бағытта 30 мың гектардай жер зерттелді. Нәтижесінде 4 мың 600 гектары саяқ шегірткеге қарсы химиялық өңдеуден өтті.

Оған қоса шаруашылықтардың 5 мың гектарға жуық алқабына зиянкестерге қарсы препараттар себілді. Одан бөлек аса қауіпті азиялық шегірткеге қарсы шаралар да жоспарлы түрде жалғасуда. Бұл ретте аудан бойынша 12 мың 440 гектардан астам жер залалсыздандырылған.

«Ауданға қарасты Бестам, Еңбекші және Шиелі кентінде шегіртке көбейгені анықталды. Т иісті мекемелер улау шарасын д ер кезінде жүргізді. Зиянкестер егінге ешқандай залалын тигізген жоқ», -деді Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Мұрат Әшірбеков.

Еске салсақ, Қызылорда облысында биыл дерматомикоз ауруына шалдыққандар көбейді.



Соңғы жаңалықтар