Шетелдік ЖОО студенттері де медициналық қызметтерді тегін алады - БҒМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚзаАқпарат - Шетелдік ЖОО студенттері де медициналық қызметтерді тегін ала алады. Бұл туралы Білім және ғылам министрлігінің мәліметінен белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шетелдік жоғары оқу орындарына өз бетінше оқуға түскен, ал қазір қашықтан оқып жатқан қазақстандық студенттер ҚР Білім және ғылым министрлігіне өтініш білдіріп, медициналық қызметтерді тегін алу бойынша көмек көрсетуді сұраған.

Бұл студенттер де қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері сияқты МӘМС аясында медициналық көмекті тегін алатын болады. Студенттер сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебесін растау үшін «электрондық үкімет» порталында тіркеуден өтулері қажет. Нәтижесінде, олар МӘМС аясында жеңілдіктер санатына енгізіледі.

«Студенттер өтініштерін министрдің блогына да жолдады. Біз бірден әрекет жасап, олардың «электрондық үкімет» порталы арқылы тіркелуі үшін қажет жағдай жасадық. 10 күннің ішінде «Шетелде оқитын студенттерді тіркеу» қызметін 250-ге жуық адам пайдаланған. Ендігі кезекте олар медициналық қызметтерді тегін ала алады», – деп жазды Білім және ғылым вице-министрі Рүстам Биғари Facebook -тегі парақшасында.


Соңғы жаңалықтар