Шетелдік автокөлікті рәсімдеймін деп жұртты алдаған алаяқ ұсталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында тұратын алаяқ Телеграм-арна ашып, азаматтарды алдаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл орталығының қызметкерлері Телеграмнан «ЕАЭО елдерінен автокөліктерді қазақстандық есепке ресми және заңды түрде қайта рәсімдеу» деген сипаттамасы бар парақшаны анықтады.

Алаяқ арнаның көмегімен жақын шетелден әкелінген автокөліктерді есепке қою туралы хабарландыру беріп отырған. Өз «қызметінің» ақысын электронды әмиянға алғаннан кейін, алаяқ алданған клиенттерді «қара тізімге» енгізіп, қайта байланысқа шықпаған.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды. Ол өз кінәсін мойындады.

ІІМ азаматтарды «ақша берсең автокөлікті тіркеп беремін» немесе «жүргізуші куәлігін алып беремін» деушілердің қызметіне жүгінбеуге шақырады. Өйткені мұндай әрекеттер — заңсыз. Көлікті тіркеу және жүргізуші куәлігін беру мемлекеттік қызметтерін тек «Азаматтарға арналған үкімет» Мемкорпорациясы» КЕАҚ немесе электрондық үкімет порталы ұсынады.

Аталған мемлекеттік қызметтер туралы қажетті ақпаратты азаматтар еgov.kz сайтынан немесе «электронды үкіметтің» бірыңғай 1414 нөміріне хабарласып біле алады.

Сонымен қатар, кеңес алу үшін әкімшілік полиция бөлімшелеріне хабарласуға болады:

1. Нұр-Сұлтан қаласының ПД (87172) 53-27-74,71-69-77

2. Алматы қаласының ПД (87272) 98-50-71

3. Шымкент қаласының ПД (87252) 97-66-95, 30-02-02

4. Ақмола облысының ПД (87162) 72-21-89, 72-33-54

5. Ақтөбе облысының ПД (87132) 52-51-00

6. Алматы облысының ПД (87828) 24-11-126

7. Атырау облысының ПД (87122) 98-10-55

8. Шығыс Қазақстан облысының ПД (87232) 23-41-65

9. Жамбыл облысының ПД (87262) 99-78-38, 99-76-46

10. Батыс Қазақстан облысының ПД (87112) 92-11-13, 35-04-84

11. Қарағанды облысының ПД (87212) 77-26-63

12. Қызылорда облысының ПД (87242) 29-77-44

13. Қостанай облысының ПД (87142) 75-38-29

14. Маңғыстау облысының ПД (87292) 47-45-10, 47-45-11

15. Павлодар облысының ПД (87182) 37-77-36

16. Солтүстік Қазақстан облысының ПД (87152) 32-00-22, 32-00-19

17. Түркістан облысының ПД (87253) 35-86-37


Соңғы жаңалықтар