Шетелдік әскери оқу орындарына құжат қабылдау тамызда басталады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қорғаныс министрлігінің өкілдері Қазақстанның әскери қорғаныс мамандары қай елдерде білім алып жүргенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дәндібаевтың айтуынша, негізгі мамандықтардың көбі Қазақстанның өзінде дайындалады.

Шетелде тек сирек әрі тапшы мамандық иелерін оқыту жолға қойылған.

«Негізінде көптеген мамандықтарды өзімізде дайындаймыз. Бірақ бір ерекше бір тізім бар. Аса тапшы мамандықтар бойынша шетелге жіберуге мәжбүрміз. Киберқауіпсіздік, гидрография, инженерлік-саперлік, әуе шабуылына қарсы күрес мамандықтары бойынша мамандарды шетелде дайындау бағытында жұмыс істеп жатырмыз», - деді Тимур Дәндібаев.

Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы Талғат Қалишевтің айтуынша, аталған мамандықты меңгерушілер көбіне іргелес мемлекеттерді таңдайды.

«Қазіргі уақытта Ресей Федерациясында, Беларусь, Армения, Қытай, Түркия, АҚШ, Үндістан, Пәкістан және басқа да елдерде Қазақстанның азаматтары әскери білім алып жатыр. Ол оқу орындарына түсу үшін Қорғаныс министрінің №371 бұйрығы бар. Биылғы қабылдау мерзімі тамыз айында болатынын айтқым келеді», - деді Талғат Қалишев.


Соңғы жаңалықтар