Шетелден ұшып келген 85 қазақстандықта коронавирусқа ПТР-анықтама болмаған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 1 желтоқсан күні Қазақстан аумағына Германия, Корея, Мысыр, БАӘ, Түркия, Қырғызстан және Өзбекстаннан 9 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Авиажолаушылардың 93% астамы Қазақстанға ПТР-анықтамамен келген. 1 237 жолаушының 1 152-сінде коронавирусқа ПТР-тест нәтижесі болған, анықтамасыз келгені – 85 адам (барлығы ҚР азаматтары).
Оның ішінде:
- Алматы қаласының әуежайына - 7 рейс, барлығы 1 023 жолаушы, анықтамамен - 947, анықтамасыз - 76;
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына - 2 рейс, барлығы 214 жолаушы, анықтамамен - 205, анықтамасыз - 9.
«Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. Барлық 85 адамның тест сынамасы теріс нәтиже көрсетті», - делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ақпаратында.
- Шымкентте карантин талаптарын бұзғандарға 3 млн теңге айыппұл салынды
- Қостанай облысында 5-11 сынып оқушылары қашықтан білім алады
- Аустралия ашық чемпионатына келген 47 теннисші карантинде жатыр
- COVID-19 шалдыққандарға медициналық көмекті ұйымдастыру мәселесі талқыланды
-
Бразилияда Covid-19 пациенттеріне оттегі жетіспей жатыр
-
Мейрамбек Бесбаев коронавируспен жансақтау бөліміне түсті
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам