+7 (701) 759 90 19
USD 433.15 EUR 515.06
RUB 5.61 CNY 66.06
Jańalyqtar

Шетелден ұшып келген 557 азаматтың ПТР анықтамасы жоқ

2021 жылғы 15 ақпан 11:56
Бөлісіңіз:
Шетелден ұшып келген 557 азаматтың ПТР анықтамасы жоқ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 14 ақпанда халықаралық авиарейспен келген жолаушылар туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Шетелден 21 қазақстандық ПТР анықтамасыз ұшып келді Шетелден ұшып келген 9 жолаушының ПТР анықтамасы жоқ Шетелден келген жолаушылар бұдан былай сауалнаманы электронды форматта толтырады

14 ақпанда Қазақстан Республикасының аумағына Ұлыбритания, Германия, Мальдив Республикасы, Шри-Ланка, БАӘ, Мысыр, Түркия, Украина және Ресей Федерациясынан 17 халықаралық әуе рейсі келді.

2 328 әуе жолаушысының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 771 адам, анықтамасыз 557 ҚР азаматы келді.

Оның ішінде:

- Алматы қаласының әуежайына – 10 рейс, 1 444 жолаушы, анықтамамен - 1 145, анықтамасыз - 299;

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 884 жолаушы, анықтамамен - 626; анықтамасыз - 258.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерінде COVID-19-ға ПТР тест әдісімен тестіленді және карантин стационарында өз нәтижесін күтуде.

Анықтамасыз келген барлық 342 азаматының ПТР-талдауы теріс нәтиже көрсетті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT