Шетелден оралған қазақстандықтар өзге елде жүргізілген ПТР тестілеуді көрсете алады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан әуежайларында өзге елде жүргізілген ПТР тестінің нәтижесі қабылданады. Бұл туралы ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетованың №37 Қаулысында рұқсат берілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«10 мамырдағы №36 Қаулыма өзгерістер енгізіп, 22 мамырда №37 Қаулымды шығардым. Қаулы бойынша біріншіден, шетелден әуе рейсімен келген адамдар, яғни Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан бес күннен кешікпей өтуіне берілген ПТР нәтижесі теріс анықтама болса, бұл адамдар 14 күнге үйде оқшауланады. Олар COVID-19 тексерілу үшін 2 күн стационарға жатқызылмайды. Екіншіден, жоспарлы медициналық қызмет көрсету жұмысы қайта басталды. Біз оған рұқсат бердік», - деді бас санитарлық дәрігер ҚР Денсаулық сақтау миинстрлігінің Фейсбуктегі баспасөз мәслихатында.

Яғни, жаңа Қаулы бойынша әуежайларда өзге елде жасалған ПТР тесті нәтижесі өз күшінде болады.

«Өзге елде жасалған ПТР анықтамаларын мойындау - қазақстандықтарды елге қайтару шараларының бір бөлігі. Яғни мемлекет әлі күнге дейін елге оралғысы келетін азаматтарды қайтарып жатыр. Олардың көпшілігінде шет елдерден алынған ПТР анықтамасы бар. Бәрін карантиндік стационарға жібермеу үшін сол анықтамаларды қабылдаймыз. Бұл рұқсаттама тек қана әуежайларда берілген, әуе рейсімен келген азаматтардың ғана шетелдік ПТР анықтамасы қабылданады», - деп түсіндірді А. Есмағамбетова.


Соңғы жаңалықтар