+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Шетелден көшіп келетін қандастардың құжатын рәсімдеуге бір терезе қағидаты енгізіледі

2019 жылғы 20 желтоқсан 15:19
Бөлісіңіз:
Шетелден көшіп келетін қандастардың құжатын рәсімдеуге бір терезе қағидаты енгізіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан қаласында «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы жанынан құрылған Қоғамдық комиссияның кезекті отырысы өткізіліп, онда репатриация процестерін реттеу мәселелері қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Көкшетауда Қытайдан келген қандастар тұрып жатқан үйлер жөндеуге мұқтаж - әкімдік Қандастарға Қазақстанда тұруға және азаматтығын алуға бір өтініш беру құқығы ұсынылмақ Нью-Йоркте мейрамхана ашқан қазақ қызы: Головкин мен Димаштың жанкүйерлері бізден тамақтанады

Сондай-ақ, ҚР Сыртқы істер министрлігінің шетелдегі қазақтарды қолдау жөніндегі шаралар туралы ақпараты мен Отандастар Қорының 2019 жылғы жұмыс қорытындысы тыңдалды.

«Отандастар қорының» вице-президенті Мағауия Сарбасов «Шетелдегі қазақтарды және репатриацияны қолдау бағытында іске асырылып жатқан жобалардың бірі - әлем бойынша жұмыс істейтін, барлық мәдени-іскерлік орталықтарды (қазіргі кезде әлем бойынша 250-ден астам) біріктіретін, «Қазақ үйі» жобасын атап өтті. «Қазақ үйі» – үкіметтік емес, саясаттан тыс және коммерциялық емес жоба және 4 бағытта қызмет атқарады, олар: «Абай» мәдени орталығы, «Атамекен» іскерлік үйі, «Жас Қазақ» жастар клубы және «Атажұрт» шетелдік қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдары қауымдастығы.

Шетелдегі қандастарымызға қолдау көрсету мақсатында құрылған «Отандастар қорының» бастамасымен елімізге көшіп келетін сырттағы​ қазақтардың құжаттарын, мемлекеттен берілетін көмектерді рәсімдейтін бір терезе қағидаты енгізілмек.

Пилоттық жоба Моңғолиядағы Қазақстан елшілігінде жүзеге асқалы отыр. Осы мемлекеттегі қандастарымыздың барлық құжаттары елшілігіміз арқылы реттеліп, атамекенге келу үрдісі жеңілдетілмек. Бұл жоба біртіндеп, барлық әлемдегі қазақтар тұратын шетелдерде қолға алынады. Осылайша, «Отандастар қоры» соңғы жылдары саябырсыған көшті қайта жандандыруға ықпал етпек.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қандастар, ҚР СІМ,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT