Шетелден әкелінген көлікті неге сенімхатпен сатып алуға болмайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов шетелден әкелінген көлікті неге сенімхатпен, сақтандыру құжаттары арқылы сатып алуға болмайтынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Автомобильді сенім хат немесе сақтандыру құжаты арқылы сатып алудың да тәуекелдері бар. Егер көліктің иесі шетелдік болса, көлік салығынан жалтару үшін кез келген уақытта өз елінде тіркеуден алғызып тастауы мүмкін. Осылайша Қазақстандағы иесі тәуекелге тап болады. Жол апаты болған жағдайда сақтандыру компаниялары келген шығынды ақшалай өтеуден бас тарта алады», - деді ол ведомствоның ақпарат алаңында өткен онлайн брифингіде.

Оның мәліметі бойынша, қазан айынан бері еліміздің 3 қаласында осындай проблемасы бар 30 көлік анықталған.

«Петропавл, Өскемен, Семей қалаларында дәл осы тәуекел бойынша тексеру жүргіздік. Сенімхатпен немесе сақтандыру құжаттары арқылы сатылған 30-ға жуық көлік бар болып шықты. Түйіндесек, сенімхатпен немесе сақтандыру құжаттары арқылы көлік сатып алу азаматтарымызды тәуекелге тап келтіреді. Сондықтан Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға шетелдік тіркеуі бар көлік сатып алған кезде аталған тәуекелдерді ескеріп, келісімнің бәрін қатаң түрде Қазақстан заңнамасының аясында рәсімдеу қажеттігі ескертеді», - деді Серік Түсіпов.


Соңғы жаңалықтар