Шетелдегі қазақтарды мемлекеттік қолдау жобасы әзірленді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Отандастар қоры» қоры жанында Ғылыми-сараптамалық кеңес құрылып, оның алғашқы отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, Елбасының шеттегі және елге көшіп келетін ағайынды жан-жақты қолдау және көмек берудің шараларын жүзеге асыру тапсырмасын орындау мақсатында аталған кеңес құрылды.

«Кеңестің күн тәртібіне сәйкес, «Отандастар қоры» тарапынан дайындалған «Қазақ диаспорасын мемлекеттік қолдау туралы» заң жобасының тұжырымдамасы сіздерге алдын ала таратылып берілген болатын. Оның тұжырымдамасы әлемдік тәжірибедегі қазіргі заманғы үрдістерге, жинақталған тәжірибеге және қазақ мемлекетінің, қоғамның таяу әрі алыс болашағы туралы ғылыми, түбегейлі идеяларға негізделіп әзірленген. Қазақ диаспорасының құқықтық мәртебесін заңнамалық реттеудің қажеттілігі шетелде тұратын этникалық қазақтарға қолдау көрсету мәселелерін реттейтін бірыңғай арнайы құқықтық актінің жоқтығынан туындап отырғаны бәрімізге мәлім», - деді кеңес төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты Нұрлан Дулатбеков.
null

Өз кезегінде «Отандастар қорының» вице-президенті Мағауия Сарбасов «Қазақ диаспорасын мемлекеттік қолдау туралы» заң жобасы тұжырымдама нұсқасының басты идеясын түсіндірді.

«Заң жобасының мақсаты - шетелде тұратын қазақ диаспорасын мемлекеттік қолдау бойынша қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық базасын қалыптастыру. Дүниежүзі қазақтар қауымдастығының мәліметіне сүйенсек, 44 елде 5 миллионнан астам қазақ өкілдері тұрады екен», - деді ол.

М. Сарбасовтың сөзіне қарағанда, аталған заң жобасы қандастар мәселелерін шешуде тиімді құжатқа айналады. Құжат аясында «Қазақ картасы», яғни тұлғаның қазақ халқының өкілі ретінде растайтын құжатты енгізу көзделген. Қазақ картасы қазақ тілін және салт-дәстүрінің сақталуы мен дамуына, сондай-ақ біздің елге этникалық қазақтардың қоныс аударуына септігін тигізеді деген сенім бар.

Оның атап өтуінше, заң жобасының тұжырымдамасында қазақ диаспорасын кешенді түрде мемлеттік қолдау, сондай-ақ қандастарды қолдаудың негізгі кепілдіктерін заң жүзінде бекіту ескерілген.
null

Мұнымен қоса, қазақ диаспорасымен экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды орнатуға жағдай жасау, қандастарды ақпараттық қолдауды дамыту, шетелде тұратын қазақтардың еліміздің оқу орындарында білім алуына дайындау үшін жағдай жасау шаралары қамтылған.

Соңғы жаңалықтар