Шетелдегі қазақстандық туристер Қазақстанның қай қалаларына жеткізіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі туризм индустриясы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Дастан Рыспеков шетелдегі қазақстандық туристердің Қазақстанның қай қалаларына оралатынын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«18-23 наурыз аралығында қазақстандық туристерді елге қайтару үшін 19 чартерлік рейс қарастырылған. Оның 14 чартерлік рейсі ұйымдастырылып, 2 818 адам елге қайтарылды», - деп атап өтті Д. Рыспеков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, чартерлік рейстер Нұр-Сұлтан, Алматы және өзге де қалаларға ұйымдастырылып жатыр.

«Мәселен, Мысыр мен Біріккен Араб Әмірліктерінен Атырау, Қостанай қалаларына рейс ұшырылды. Ақтөбе қаласына да бірнеше рейс қарастырылған», - деді Дастан Рыспеков.

Айта кетейік, 18 наурыздағы жағдай бойынша шетелде туристік операторлар арқылы демалып жатқан қазақстандықтар саны 5 914 адамды құраған. Оларды қайтару үшін 18 наурыздан 23 наурызға дейін 19 чартерлік рейс жоспарланған.

Бұған дейін Дастан Рыспеков туристік жолдамалар құнының қалай қайтарылатынын айтып берді.


Соңғы жаңалықтар