Шетелдегі қандастарды елге әкелудің тұжырымдамасы әзірленіп жатыр

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шет мемлекеттерде тұратын қандастарды елге қайтарудың тұжырымдамасы әзірленіп жатыр. Бұл туралы «Отандастар қоры» КЕАҚ вице-президенті Мағауия Сарбасов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында қандастардың көші-қон саясатының тұжырымдамасын әзірлеу туралы тапсырма берді. Қолға алынған 2022-2026 жылдарға арналған жаңа тұжырымдамада шетелдегі қандастармен әлеуметтік және білім беру саласы бойынша жұмыстарды жандандыру міндеті тұр. Және де шетелдегі қазақ диаспораларымен мәдени байланысты ілгерілету жоспары тұр.

Жалпы тәуелсіздік алғалы шетелдегі қандастар мәселесі үнемі назарда, бұл бағытта мемлекет тарапынан тиісті қолдау жасалып жатыр.

Біздің қордың негізгі 4 жұмыс бағыты бар. Алдымен, сырттағы қандастардың ұлттық бірегейлігін сақтау. Елге келген қандастарымыздың отанына бейімделуіне жағдай жасау. Үшіншіден, шетелдегі қандастарды елге қайтару мәселесіне талдау жүргізу яғни зерттеу. Төртінші бағыт – шетелдегі қандастармен әсіресе жастармен байланыс орнату», - деді Мағауия Сарбасов.

Бұған дейін «Отандастар қорының» вице-президенті шетелдегі 1 миллионға жуық қандасымыз елге көшіп келуге ниетті екенін жеткізді.


Соңғы жаңалықтар