Шетелдегі қандастар ҰБТ-ны тұңғыш рет онлайн тапсырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл тұғыш рет 733 қандас талапкер ҰБТ онлайн тапсырды. Бұл туралы ҚазАқпарат «Отандастар қорына» сілтеме жасап хабарлайды.

«Отандастар қоры» жұқпалы індет салдарынан шетелден келе алмай қалған жастардың өтінші бойынша ҰБТ онлайн өткізу бастамасын осыдан үш ай бұрын көтерген болатын.

Білім және ғылым, Сыртқы істер министрліктерінің, Ұлттық тестілеу орталығының қолдауымен, ҚР аумағында короновирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында шетелдегі қандас жастарға ҰБТ «Онлайн» өткізу шешімі қабылданды.

Білім және ғылым министрлігі тарапынан талапкерлерді ұлттық біріңғай тестілеуге даярлайтын дайындық бөліміне 2018-2019 жылы 992, 2019-2020 жылы 1300, 2020-2021 жылға 1300 орын бөлінген. Жыл сайын қандастарды қабылдауға арналған квота 2%-дан, 4%-ға өсті. 2020 жылы ҰБТ тапсыруға 2025 қандасымыздан өтініш түсті.

Қандас талапкер жастардың басым бөлігі ҰБТ ел ішінде тапсырды. Елге келе алмаған қандас талапкерлердің онлайн тест тапсыруына атсалысқан барша мамандардың қызметіне ризашылығымды білдіремін», - дейді «Отандастар қорының» вице-президенті Мағауия Сарбасов.

Еске салсақ, Өзбекстан, Қытай, Моңғолиядағы қандастар ҰБТ-ны 19 шілдеде тапсырды.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде шетелдегі қандастарға көптеп грант бөлуді ұсынды.



Соңғы жаңалықтар