Шетелде жүрген 7 мыңнан астам Қазақстан азаматы елге жеткізілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Коронавирус инфекциясымен күрес кезеңінде Қазақстанның 7 мыңнан астам азаматы елге жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.

«Мемлекеттің өз азаматтарына деген қамқорлығы осындай қиын кезде көрінеді. Президенттің тапсырмасымен, 18 наурыздан бастап, шетелдегі 7702 Қазақстан азаматын мемлекет өз күшімен елге әкелді. Мемлекет тағы 752 азаматты әкеледі. Бұл Мемлекет басшысының ерекше бақылауындағы мәселе», - деді министр «Хабар 24» телеарнасындағы онлайн брифингте.

Бұған дейін Д. Абаев коронавирус індетімен күресіп жатқан дәрігерлердің айына 1 млн теңгеге дейін үстемеақы алатынын айтып берді.


Соңғы жаңалықтар