Шетелде оқитын 11 мыңнан астам қазақстандық еліміздің ЖОО ауысты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылы шетелде білім алған 11 мыңнан астам қазақстандық еліміздің жоғары оқу орындарына ауысты. Студенттердің көпшілігі Ресей университеттерінен ауысты. Сондай-ақ бұрын АҚШ, Қытай, Франция, Мажарстан, Чехия, Польша, Түркия университеттерінде оқыған, бірақ Қазақстанда оқуын жалғастыруға шешім қабылдаған студенттер де бар. Бұл туралы ҚазАқпарат БҒМ сілтеме жасап хабарлайды.

«Қысқы және жазғы сессияның қорытындысы бойынша бұрын шетелде білім алған 11 мыңнан астам студент қазақстандық жоғары оқу орындарына ауысуға ниет білдірді. Олар жеңілдетілген ауысу тәртібі бойынша қабылданып, қазір отандық жоғары оқу орындарында білім алып жатыр. Мәселен, олар Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Нархоз университеті, Қ. Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗУ және басқа да жоғары оқу орындарына қабылданды. Өткен жылы шетелдік жоғары оқу орындарынан 15 мыңға жуық студент біздің университетімізге ауысты», – деді ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.

Айта кетейік, студенттер санының артуына байланысты жаңа жатақханаларды салу және бар жатақханаларды реконструкциялау қарқынын жеделдету үшін тетіктер әзірленді. Осы жылдың соңына дейін елімізде 37 жаңа студенттік жатақхана пайдалануға беріледі.


Соңғы жаңалықтар