Шет елдердің экстремизмге қарсы іс-қимылындағы тәжірибесі талқыланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Шет елдердің зорлық экстремизмге қарсы іс-қимылындағы тәжірибелері туралы» семинар өткізілді. Семинардың модераторы ретінде Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов сөйледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Семинарға танымал заңгер және құқық қорғаушы, Ұлттық сенім кеңесінің мүшесі Айман Умарова шақырылды. Ол практикалық және заң тұрғысынан зорлық-зомбылық экстремизміне қарсы іс-қимыл бойынша шет елдердің тәжірибелеріне тоқталды.
Семинарға Дін істері комитетінің басшылық қызметкерлері, «Ақниет» ҚҚ басшылығы мен қызметкерлері, дін саласындағы жергілікті уәкілетті органдардың, Дін мәселелерін зерттеу орталықтарының басшылары, теологтар, психологтар және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметкерлері қатысты.
Семинарға қатысушылар практикалық аспектілерді және діни саладағы профилактикалық жұмысты жақсарту бойынша ұсыныстарды талқылады.


Соңғы жаңалықтар