Шет елдердегі қазақ балалары арасында байқау жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 21 ақпан – Ана тілінің халықаралық күніне орай Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы мен «Отандастар қоры» шет елдердегі қандас балалар арасында «Ана тілім – ардағым» байқауын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Отандастар қоры» хабарлағандай, байқауда бағы жанған, өресі биік өрендерге «Туған елге саяхат» туристік пойызына, «Балдәурен» және Назарбаев зияткерлік мектебі лагеріне тегін жолдама берілмек.

«Шығарма 1-15 ақпан аралығында қабылданады. Байқау шарттары «Отандастар қорының» сайтында жарияланған.


Соңғы жаңалықтар