Шереметаның промоутері Головкинмен титулдық жекпе-жектің жаңа датасын айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Польша боксшысы Камил Шереметаның (21-0, 5 КО) промоутері Анджей Василевски оның IBF және IBO тұжырымдамалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) жекпе-жегінің жаңа датасын айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

GGG-дің Шереметамен кездесуі IBF титулын қорғау үшін міндетті болмақ.

«Біз олардың (Головкин командасы) телефонмен хабарласуын күтіп жүрміз. Жекпе-жек қазан айының басында өтуі тиіс еді, алайда бұл дата бірнеше рет өзгерді», - деген промоутердің сөздерін келтіреді RingPolska.

Еске сала кетсек, бастапқыда Головкин-Шеремета арасындағы айқас көктемге жоспарланған, одан кейін маусым айына ауыстырылды, бірақ коронавирусқа байланысты ұйымдастырушылар оны қайта өзгертуге мәжбүр болды. Боксшылардың кездесуі АҚШ-та өтуі мүмкін.


Соңғы жаңалықтар