Шенеунікке 6 мың теңгенің сыйлығын берсе, 4,5 млн теңгеге дейін айыппұл салынады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар құны 2 айлық есептік көрсеткішке дейінгі сыйлықты бергені үшін 4,5 миллион теңгеден астам айыппұл төлейді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандықтар заңсыз материалдық сыйақы бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне енгізілген өзгертулерді баяндау барысында айтты.

«Сыйақылар, сыйлықтар немесе жеңілдіктер бергені үшін жеке тұлғалар ӘҚБтК–нің 676-бабы бойынша 200 АЕК көлемінде айыппұл төлейді, бұл шамамен 600 мың теңге», - деді О.Бектенов.

Бұл ретте, егер мұндай сыйақы немесе сыйлық заңды тұлға тарапынан берілетін болса, онда мұндай әрекет ӘҚБтК-нің 678-бабы бойынша сараланады және мұнда айыппұл 700 АЕК-ке дейін өседі, бұл 2 млн.теңгеден астам.

Мұндай құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталап жасалған жағдайда заңды тұлға екі есе – 1500 АЕК немесе 4,5 млн.теңге төлейді.

«Қазір заңнамада сыйлықтар беруге және алуға толық тыйым салынғанын тағы бір мәрте еске салғым келеді. Мұндай норма өткен жылдың соңында қолданысқа енгізілді», - деді Олжас Бектенов.

Ол сыйлық берушілерге арнаған сөзінде мемлекеттік қызметшілерге және оларға теңестірілген тұлғаларға мемлекеттік және басқа да қызметтер көрсеткені үшін сый беру әдетінен бас тартуға шақырды, өйткені мұндай әрекет сыйлық берушілерге де, сыйлық алған шенеунікке де салдарын тигізуі мүмкін.

Айта кетейік, 20 наурызда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне өзгерістер енгізу туралы» Заңға қол қойды.

Заң сәуірдің 5-інен бастап қолданысқа енгізілді.

Аталған Заң аясында әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау құзіреті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке бекітілді.


Соңғы жаңалықтар