Шекарашылар жас қыздың өмірін сақтап қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шекарашылар жас қыздың өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап.

«20 наурызда ҰҚК Шекара қызметі Қордай ауданы бойынша басқармасының әскери қызметшілері шекара маңындағы тылдық аудандарды патрульдеу кезінде қараусыз қалған қорадан екі қолының буыны кесілген әйел адамды (1999 ж.т.) тауып алды.

Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін бойжеткен Қаракемерге жеткізіліп, ата-аналарының қарауына берілді, сондай-ақ осындай әрекетке барудың себептерін анықтау үшін құқық қорғау органдары xабардар етілді», делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар