Шекарашылар күніне арналған патриоттық тақырыптағы видео жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Шекара әскерінің құрылған күні. ҚР ҰҚК Шекара қызметі төл мерекесіне орайластырылған патриоттық видеоны жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еске сала кетсек, 1992 жылғы 18 тамызда Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығына сәйкес, Шығыс шекара округі негізінде Қазақстан Республикасы Шекара әскері құрылды.

«Шекара қауіпсіздігі – Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігінің ажырамас бөлігі. Оны жүзеге асырушы – Шекара қызметі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрамдас бөлігі ретінде мемлекетіміздің экономикалық және саяси мүдделерін күзетеді.

Мемлекеттік идеологиямен қаруланып, заманауи әскери техникамен және құралдармен жабдықталған шекара сақшылары еліміздің қасиетті шебін күзету міндетін лайықты түрде атқаруда», делінген хабарламада.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, шекарашылардың бүгінгі буыны батыр бабаларымыздан мұра болып қалған ар-намысқа дақ түсірмей, жауынгерлік даңқ пен қаһармандық дәстүрлерді абыроймен арқалап, одан әрі молайтып, трансшекаралық қылмысқа, есірткі тасымалына, халықаралық лаңкестік пен экстремизмге, заңсыз мигранттар мен елдің аумақтық егемендігінің бұзылуына сенімді тосқауыл қойып келеді.

Соңғы жаңалықтар