+7 (701) 759 90 19
USD 433.15 EUR 515.06
RUB 5.61 CNY 66.06
Jańalyqtar

Шекараны қорғауға азаматтарды тарту қағидалары өзгерді

2021 жылғы 15 ақпан 15:18
Бөлісіңіз:
Шекараны қорғауға азаматтарды тарту қағидалары өзгерді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Мемлекеттік шекараны қорғауға азаматтарды тарту қағидалары өзгерді. ҚазАқпарат қаулының толық мәтінін жариялайды.

Ұқсас жаңалықтар
Қайта жаңартылған «Қордай» өткізу пункті ашылды Жаңа қаулы: Алматы мектептерінде сабақ қалай өтеді

***

«Шекаралық кеңістік шегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауға азаматтарды тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы №866 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Шекаралық кеңістік шегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауға азаматтарды тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы№ 866 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 50, 706-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Шекаралық кеңістік шегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауға азаматтарды тарту қағидаларында: 15-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) Мемлекеттік шекараны қорғауға одан әрі қатысуын болғызбайтын мән-жайлардың басталуы (психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтарының (ауруларының), Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес айналадағылар үшін қауіп төндіретін өзге де аурудың анықталуы, азаматтың қайтыс болуы);».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

А. Мамин


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT