Шекарадан 5 млн теңге болатын COVID тестерін алып өтпек болғандар ұсталды

None
None
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН. ҚазАқпарат – Шекарадан 5 млн теңге болатын COVID тестерін алып өтпек болғандар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2020 жылғы 22 қарашада шекарашылар Батыс Қазақстан облысындағы «Сырым» автомобиль өткізу пунктінде коронавирусты (SARSCOV-2 ANTIGEN RAPID Test KIT) анықтау үшін Қазақстаннан 1000 тест шығару әрекетін тоқтатты. Ұсталған жүктің алдын ала құны 5 074 480 мың теңге», - делінген хабарламада.

Жүк БҚО МКД қызметкерлеріне берілді.


Соңғы жаңалықтар