Шекарадағы жағдай: Бішкек Нұр-Сұлтанның конструктивті ұсыныстарына «құлақ аспай» отыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Сауда және интеграция министрлігі қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жалпы Қырғыз Республикасы бір жылдан астам уақыттан бері қазақ-қырғыз шекарасындағы мәселені қайта-қайта көтеріп отыр.

«Осы уақытқа дейін Қазақстан көршілерді жүктің жылжуының ашықтығын цифрлық технологияларды қолданып, жылжыған көлік құралдары бойынша дерек алмасу, жүк көліктеріне электрондық бітеме қолдану және басқа тәсілдер арқылы кешенді шешуге шақыруда. Бірақ бұл әрекеттер сәтсіз аяқталды. Өткен жылдың басынан биылғы маусымға дейін қазақ-қырғыз шекарасын Қазақстан мен Ресей бағытында 80 мыңға жуық жүк автокөлік кесіп өткен. Оның ішінде 1547 көлікке талдамалы тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде 1505 жағдай бойынша Қазақстанның салық заңнамасын өрескел бұзу анықталды. Мәселен, Қазақстан мене Ресейде жалған алушылар көрсетілген, кеденді кесіп өткен тауарлар ілеспе құжаттарда көрсетілген тауарларға сай келмеген. Нәтижесінде 5 млн АҚШ долларынан аса сомаға салық қосымша есептелген» деп мәлім етті ҚР Сауда және интеграция министрлігі.

Ведомствоның мәліметінше, көрсетілген фактілерге қарамастан, Бішкек Нұр-Сұлтанның конструктивті ұсыныстарына «құлақ салмай» отыр. Біздің әріптестеріміздің мұндай мінез-құлқы ҚХР-дан ЕАЭО елдері аумағына ең алдымен халық тұтынатын тауарларды заңды түрде жылжытпау мақсатында адал ынтымақтастықтан әдейі бас тартып отыр деген күдік туғызады. Бұған аталған мәселені тым ушықтыру, ақпараттық шабуылдар мен осы мәселені еш қатысы болмаса да ДСҰ амуағында қарау дәлел бола алады.

«Мәселенің «тым ушықтырылғанына» шекараның өткізу бекеттерін екіжақты кесіп өту хронометражын жасау да куә бола алады. Мәселен, бекеттердің өткізу қабілетіне сәйкес бір уақытта тексерісті 20 автокөлік өте алады, бұл ретте шекараның қазақстандық бөлігінде бақылау жүргізу 20-22 минутты алады, оның 3-5 минуты салықтық бақылау үшін құжаттарды сканерлеуге кетеді. Бұл 2020 жылғы 3 маусымда болып өткен Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының жұмыс топтарының екіжақты кездесуінің хаттамасында бекітілген. Бұл ретте соңғы айларда бақыланған шекараның қазақ-қырғыз бөлігінде автокөлік құралдарының жинақталуы бірқатар объективті себептерге байланысты болып отыр. Біріншісі, COVID-19 пандемиясына байланысты 7 автокөлік өткізу бекетінен бесеуі ғана жұмыс істеп тұр. Пандемияға қарамастан, Қазақстан жүк тасымалы үшін өткізу бекеттерінің барлығын бірдей жапқан жоқ, тек қана бекітілген санитарлық-карантин нормаларды сақтай отырып, қолданыстағы өткізу бекеттерінің санын азайтты» делінген хабарламада.

Эпидемиялогиялық жағдайдың жақсаруына байланысты бүгінгі таңда жақын уақытта барлық өткізу бекеттерінің жұмысын жаңарту туралы шешім қабылданды. Мәселен, бүгіннен бастап «Сыпатай батыр» өткізу бекеті өз жұмысын бастайды, ол қолданыстағы өткізу бекеттерінің жұмысын жеңілдетуге және жүк көліктерінің шекара арқылы өтуін жылдамдатуға мүмкіндік береді.

«Өткізу бекеттерін жабу туралы шешімді Қазақстан коронавирус инфекциясын әкелуді және таралуды болдырмау мақсатында қабылдады. Эпидемиялық әл-ауқат мәселелері ұлттық қауіпсіздік мәселелеріне жатады, ол ұлттық үкіметтің айырықша құзыретіне жатады. Жалпы мемлекеттік шекараның бойында барлығы 20 өткізу бекеттері жабылды. Негізінен бұл - жеке тұлғалар көп өтетін бекеттер» деп хабарлады Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі.

Тағы бір фактор - жеміс-көкөніс өнімдерінің пісу маусымының басталуына байланысты тасымалдайтын үлкен жүк көліктері санының дәстүрлі өсуі болды. Мысалы, өткен жылдың мамыр айында 7 өткізу пункті арқылы 5 589 автокөлік өтті және өткізу бекеттерінде орташа жиналу 60-70 автокөлік болды, ал биылғы мамыр айында 2 өткізу пункті арқылы 4 261 автокөлік шекарадан өтті, бұл күніне 500-ге дейін автомашинаның жиналуына алып келді.

Осылайша, көлік құралдарының өту жылдамдығы әрбір өткізу пунктіне келетін көлік құралдарының санына байланысты баяулады. Шекарадан өту кезінде басымдық жеміс-көкөніс және басқа тез бұзылатын өнімдер тиелген автокөлікке берілетіндігін атап өту қажет.

Бұған дейін атап өтілгендей, бірнеше өткізу пунктінің жабылуы ел азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған амалсыз шара болды. Мұндай шешімдер ұлттық деңгейде қабылданады.

Бұдан басқа, қырғыз тарапының тікелей өткізу пунктерінде карантин-бақылау шараларын жүргізуі - қырғыз тарапында кептелудің себебі. Өткізілетін іс-шаралар CОVID-19-ға жедел-тестілеуді, жүргізушілерге сауалнама жүргізуді, сондай-ақ көлік құралдарын санитарлық өңдеуді қамтиды. Мұның бәрі жалпы алғанда ұзақ уақытты алады.

Өз кезегінде қазақстандық тарап шекарада карантин нормаларын сақтау үшін тек жүргізушілерге сауалнама жүргізеді. Рәсім шекаралық тексеру кезінде жүргізіледі және қосымша уақыт алмайды. Бұдан әрі Қазақстан аумағында үлкен жүк көлік жүргізушілерінен ПТР-талдау алынады. Жүргізуші тест нәтижелерін күтпейтінін атап өткен жөн, ол келісілген бағыт бойынша жіберіледі. Талдаудан инфекция анықталған жағдайда жүргізушіні сауалнаманың мәліметтері бойынша табады. Тест теріс болған жағдайда жүргізуші белгіленген жерге кедергісіз кете береді.

Сауда және интеграция министрлігі бір мәселені түсіне алмай отыр.

«Жалпы, шығатын жүргізушілерді жедел тестілеуден өткізу мақсаты түсінікті емес. Барлық халықаралық ереже бойынша мемлекет қауіпсіздікті өз аумағында қамтамасыз етеді. Алайда, егер біздің қырғыз әріптестеріміз осындай жолмен көрші елдерді «қауіпсіздендіруді» шешсе де, бұл тестілеуді неліктен шекара пунктінде өткізу керек? Ол талдауды оған кіреберісте де тапсыруға болады ғой» дейді министрліктегілер.

Қазақстан Республикасы тауарлардың қозғалысы үшін ешқандай кедергі жасап отырмағанын тағы да растағым келеді.

Айта кету керек, бұл мәселені Еуразиялық экономикалық комиссия алқасымен екі рет қаралып, талқылау 4 сағаттан алатын, нәтижесінде алқа Қазақстанның іс-қимылында кедергілердің бар екендігі туралы шешім қабылдамады.

Өз кезегінде, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің экспорттық және салықтық бақылауды жүзеге асыру бөлігіндегі іс-әрекеттері ЕЭК Алқасымен бұл шаралар тек ұлттық құзіретке ғана жататынын ескере отырып, заңды деп танылды.



Фото: shutterstock.com

Соңғы жаңалықтар