09:14, 06 Наурыз 2020 | GMT +6
Шекарада ақбөкен мүйіздерімен Ресей азаматы ұсталды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында ақбөкен мүйіздерімен Ресей азаматы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Құрманғазы ауданы Байда ауылы арқылы Ресейге бет алған «КамАз» көлігінен ақбөкеннің үш мүйізі табылған. Жүргізуші – 57 жастағы РФ азаматы. Оған қатысты Құрманғазы аудандық полиция бөлімшесі ҚР ҚК-нің 339-бабы (Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар өсімдіктерді немесе жануарларды заңсыз пайдалану) бабы бойынша қылмыстық іс қозғады», - деп мәлім етті аймақтың ПД баспасөз қызметі.
Тергеу барысында сирек кездесетін жануарлардың қайда өлтірілгені анықталады.