Шекара қызметі дәрі-дәрмектерді жеке мақсатта алып келуге кедергі жасамайды - ҰҚК

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шекара қызметі дәрі-дәрмектерді жеке мақсатта алып келуге кедергі жасамайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.
«Әлеуметтік желіде «Үрлі төбе» өткізу бекетінде дәрі-дәрмектерді заңсыз ұстады» деген ақпараттың таралуына қатысты Шекара қызметі 9 шілдеде шекаралық бақылау кезінде тауар құжаты жоқ түрлі атаудағы 311 орауыштағы дәрілік препараттарын ұстағандығын хабарлайды. Дәрілер атауы бойынша пакеттерге оралып, екі жол сөмкесіне салын», делінген хабарламада.
Дәріне өткізуші адам дәрілік препараттардың қайдан шыққанын және кімге арналғандығын түсіндіре алмаған.
«Оларды әкелудің заңдылығын анықтау үшін құзыреттілігі бойынша дәрілік препараттар Павлодар облысы Экономикалық тергеу департаментіне берілді, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздік бақылау департаменті хабардар етілді», делінген хабарламада.
Шекара қызметі дәрі-дәрмектерді жеке мақсатта алып келуге кедергі жасамайтындығын мәлім етті.
- Өскеменде қамауға алынған әйел тергеу изоляторында босанды
- Елордада пандемия кезеңінің барлық талабына сай келетін емхана ашылады
- Коронавирустан жазылған науқастар вакцинаны қашан салдыра алады
- Коронавирус: Денсаулық вице-министрі елдегі ахуал бойынша кеңес өткізді
-
Коронавирусқа шалдыққан 300-ге жуық науқастың жағдайы ауыр – министрлік
-
Карантин күшейтілген кезде Бурабай курортына баруға бола ма
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам