Шайбалы хоккейден ӘЧ: Қазақстан құрамасы ойындары тікелей эфирде көрсетіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден 2021 жылғы әлем чемпионатының элиталық дивизионында Қазақстан құрамасының қатысуымен өтетін ойындардың барлығы тікелей эфирде көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Қазақстан хоккей федерациясы мәлім етті.

Қазақстандық жанкүйерлер ұлттық құрама ойындарын Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады. Ол елорда уақытымен белгіленген.

Естеріңізге сала кетелік, әлем чемпионаты Литвада 21 мамыр және 6 маусым аралығында өткізіледі. Қазақстандық хоккейшілер В тобында Канада, Финляндия, АҚШ, Германия, Норвегия, Италия және Латвия құрамаларымен шеберлік байқасады.

Қазақстан құрамасының қатысуымен өтетін ойындар кестесі төмендегіше:

22 мамыр

23.15 Латвия - Қазақстан

23 мамыр

19.15 Қазақстан - Финляндия

25 мамыр

19.15 АҚШ - Қазақстан

26 мамыр

19:15 Қазақстан - Германия

28 мамыр

19:15 Қазақстан - Канада

29 мамыр

15:15 Италия - Қазақстан

31 мамыр

23:15 Норвегия - Қазақстан.

Ал А тобында Швеция, Чехия, Швейцария, Словакия, Дания, Беларусь, Ұлыбритания және Ресей бар.

Қазақстан хоккейшілері әлемнің үздік құрамаларымен бірге бес жылдық үзілістен кейін сынға түскелі отыр. Соңғы рет 2016 жылы элиталық дивизионда мұз айдынға шықты.

Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы капитаны міндетін Әлихан Әсетов атқарады. Ал Роман Старченко мен Даррен Диц вице-капитан болады.

Соңғы жаңалықтар