Шайбалы хоккейден 2021 жылғы әлем чемпионатында өзгерістер бар

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықаралық шайбалы хоккей федерация 2021 жылғы әлем чемпионатындағы топтар бойынша бірқатар өзгеріс жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан шайбалы хоккей федерациясына сілтеме жасап.

Бұл шешім екі топтағы өзгерістер негізінде қабылданды. А тобына Ресей құрамасы ауыстырылса, оның орнында Канада хоккейшілері бақ сынайды.

Әлемдік дода келер жылы Латвия мен Беларусьте өтеді. Қазақстан құрамасы В тобындағы Канада, Финляндия, АҚШ, Германия, Норвегия, Италия және Латвия құрамасы ел астанасы - Рига қаласында шеберлік байқасады. Ал Беларусь астанасы - Минск қаласында өтетін А тобындағы ойындарда Швеция, Чехия, Швейцария, Словакия, Дания, Беларусь, Ұлыбритания және Ресей хоккейшілері сынға түседі. Турнир 2021 жылдың 7-23 мамыр күндерінде өткізіледі деп жоспарланған.

Естеріңізге сала кетелік, 22 наурызда Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы коронавирус инфекциясы қаупінің алдын алу мақсатында 2020 жылғы әлем чемпионатын өткізбеу жөнінде шешім қабылдады. Дүбірлі дода Швейцарияның Цюрих және Лозанна қалаларында өткізілуі тиіс болатын.


Соңғы жаңалықтар