Шавкат Рахмонов жаңа қарсыласын таңдады

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат- Жеңіліп көрмеген қазақстандық Шавкат Рахмонов (16-0) UFC-де америкалық Нил Мигниді (26-10) мерзімінен бұрын жеңгеннен кейін өзінің келесі жартылай орта салмақтағы қарсыласын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Номад» кімге қарсы шыққысы келетіні туралы жекпе - жектен кейін берген сұхбатында қазақстандық UFC-дің 39 жастағы америкалық ардагері Стивен Томпсонның есімін атады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) UFC on ESPN 38 турнирінің басты жекпе-жегі аясында Рахмонов екінші раундтың соңында Мэнниді буындыру тәсілімен жеңген болатын.


Соңғы жаңалықтар