Шатыркөл кенішінде үңгуші қаза тапты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Балқаштүстімет» ӨБ-нің Шатыркөл кенішінде 1959 жылғы үңгуші қаза тапты, деп хабарлайды «Қазақмыс» компаниясының баспасөз қызметінен.

«Кеше «Балқаштүстімет» ӨБ-нің Шатыркөл кенішінде анықталмаған жағдайда 1959 жылы дүниеге келген үңгуші қаза тапты. Алдын ала ақпарат бойынша, кеншінің денсаулығы кенеттен сыр берген. Демалыс бөлмесінде оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Алайда үңгушіні өлімнен алып қалу мүмкін болмады», - делінген хабарламада.

Болған оқиғаның мән-жайларын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.

Компанияның басшылығы мен еңбек ұжымы қаза тапқан жұмыскердің туыстары мен жақындарына қатты қайғырып, көңіл айтады.

Соңғы жаңалықтар