Шатыр шетінде сальто жасаған: Желіні шулатқан ақтаулық балалар анықталды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысында көпқабатты үйдің шатырында жүрген жасөспірімдер анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желіде тараған видеода жасөспірім бала салынып жатқан көпқабатты үйдің шатырының шетінде тұрып, өміріне қауіпті акробатикалық қимыл жасайды. Мұны жанындағы достары видеоға түсіріп тұрады.

Желіні шулатқан жасөспірімдерді Ақтау қаласы полиция басқармасының ювеналды полиция қызметкерлері анықтады. Олар Ақтау қаласындағы 5-сынып оқушылары екені белгілі болған.

Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған іс бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.

«Ата-аналарға ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы (кәмелетке толмағанды тәрбиелеу және (немесе) білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материалдар қала әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жіберіледі.Ата-аналармен профилактикалық әңгіме өткізілді. Құрметті ата-аналар! Бәріміз бірге балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіспіз», - деп атап өтті департамент басшысы Бақтыбаев Жанарбек.



Соңғы жаңалықтар