Шашубай ауылында амбулатория ғимараты жаңартылды - Қарағанды облысы

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Шашубай ауылында амбулатория ғимаратының қасбеті күрделі жөндеуден өтті. Бұған қоса, мердігерлер медициналық мекеменің маңындағы аумақты абаттандырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтоғай ауданының Шашубай ауылында отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның қасбеті мен шатырының күрделі жөндеуі аяқталды. Жөндеу жұмыстарына «Ауыл - ел бесігі» жобасы мен «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында қаражат бөлінді.

Жөндеу барысында ғимараттың қасбеті қалпына келтіріліп, нығайтылды, шатыр жұмыстары да жүргізілді. Сонымен қатар, 16 көше шамдары қайта қалпына келтіріліп, жаңа қоршау пайда болды.

Отбасылық-дәрігерлік амбулаторияны жөндеуге 15 адам жұмылдырылды. Олардың бесеуі аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы тартылды.

Енді амбулаторияда ішкі әрлеу жұмыстары басталады.


Соңғы жаңалықтар