+7 (701) 759 90 19
USD 385.76 EUR 427.89
RUB 6.04 CNY 54.79
Jańalyqtar

Шарын ұлттық паркінде Қызыл кітапқа енген сілеусін көзге түсті

2019 жылғы 7 қараша 15:32
Бөлісіңіз:
Шарын ұлттық паркінде Қызыл кітапқа енген сілеусін көзге түсті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мамандары жабайы аңдарды тіркеу барысында Үлкен Бұғұтты тауының маңындағы фототұзаққа Түркістан сілеусіні түсіп қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысы тауларында жайра тіршілік етеді

Видеоны ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook парақшасында жариялады.

«Мысық тұқымдастардың бұл түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Қазақстан фаунасында кездесетін сілеусіннің үш түрінің біріне жатады. ХІХ ғасырдың соңында Жетісу өлкесінде сілеусіндер көп болған. Ол кездері жылына 200 сілеусін ауланатын. Өткен ғасырдың 40-50 жылдары жылына 20-30 сілеусін терісі дайындалып келген. 1976 жылы оны аулауға тыйым салынды», - дейді Сәкен Ділдахмет

Түркістан сілеусіні қары қалың жерде тіршілік етеді. Азық іздеп, біршама жерге ауып кетуі мүмкін. Түнде белсенді. Кейде жалғыз да жүре береді.

«Бір дегенде екі-үштен туады. Негізгі азығы - қоян, суыр, елік, қабан, тауешкі. Үй жануарларын да аулай береді», - деп жазады ол.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT