Шарын шатқалында жоғалған 11 жастағы қыз бала оқиғаның қалай болғанын айтып берді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Шарын шатқалында бір тәулікке жуық уақыттан соң аман-есен табылған оқушы жағдайдың қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаңбыр жауып кетті. Сыныппен барлығымыз тығылдық. Содан кейін бұршақ жауды. Су жиналып қала берді. Біз тастардан ұсталып тұрдық. Көзімді жұмып тұрдым. Нақты не болғанын өзім де түсінбедім. Артынан тастың үстіне шығып алдым»,- деді аман-есен табылған оқушы қыз.

Баланың ата-анасы, атасы іздеу жұмыстарына ат салысқан барша жандарға, құтқарушыларға алғыстарын жаудырып жатыр.

Естеріңіз сала кетейік, 29 мамыр күні Шарын шатқалында сел жүріп екі адам мерт болды. 6 адам зардап шегіп, бір оқушы із-түзсіз жоғалып, бүгін аман-есен табылған болатын.


Соңғы жаңалықтар