Шарын шатқалында селге аққан қыз бала құтқарылған сәт бейнеленген видео жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАн. ҚазАқпарат - Шарын шатқалында селге аққан қыз бала құтқарылған сәт бейнеленген видео жарияланды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Бүгін «Шарын шатқалы» қызметкерлері Шарын өзенінің бойын жағалай жер бетінде іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында сағат 09:34-те 2010 жылы дүниеге келген қыз баланы тапқан болатын. Ол Шарын өзенінің сол жағалауында оқиға орнынан 3-4 шақырым жерден табылған.

Естеріңізге сала кетсек, кеше Алматы облысының Шарын шатқалында сел жүріп, 2 адам мерт болып, 1 адам із-түзсіз жоғалғаны, тағы 6 адам зардап шеккені хабарланған болатын.

Ал бүгін еліміздің Білім және ғылым министрлігі аталған оқиға салдарынан 1 оқушы мен 1 мұғалімнің қаза тапқанын, тағы бір оқушыны іздеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлім еткен еді.










Соңғы жаңалықтар