Шаруа қожалығының басшысы 47 жастағы ер адамды құлдықта ұстаған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысында шаруа қожалығының басшысы 47 жастағы ер адамды құлдықта ұстаған. Бұл туралы ҚР ІІМ криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақтөбе тұрғыны 47 жастағы ер адамды әлеуметтік жағдайының төмен екендігін пайдаланып әрі алдау арқылы 7 ай бойы жұмысқа жеккен. Зардап шегуші күніне 12 сағат мал бағып, жақын елді мекеннен 50 шақырым қашықтағы қыстауда тұрған. Жұмыс істеуден бас тартқан кезде оны ұрып-соғып, психологиялық қысым көрсеткен. ҚР Қылмыстық кодексінің 128-бабымен тергеу жүргізіліп жатыр», - деді ол ІІМ баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте.

Оның атап өтуінше, зардап шегуші оңалту көмегін алу үшін дағдарыс орталығына жіберілді.

«Сонымен қатар «STOP трафик« жедел алдын алу іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері із-түзсіз жоғалған 3 адамның тұрғылықты жерін анықтап, іздеуде жүрген 3 қылмыскерді ұстады», - деді Қанат Нұрмағамбетов.


Соңғы жаңалықтар