Шардаралық кәсіпкер Рамазан айында ауылдастарына қой таратты

None
None
ШАРДАРА. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Шардара ауданында жергілікті кәсіпкер Рамазан айында қайырымдылық шарасын өткізді. Нимәділлә Абдуллаев көмекке мұқтаж, мүгедек және көпбалалы отбасыларға зекет ретінде бір-бір қойдан үлестіріп берген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кәсіпкер қойды тірідей таратып шыққан. Осылайша тұрғындардың ұсақ малды қажет кезде сойып алуына немесе құрбандық шалуына сеп болсын деген ниетін білдірген. Іскер азаматтың бұл әрекетіне ауыл тұрғындары дән риза.

«Әрине, Рамазан айында жасаған мұндай сауаптың шапағаты көп болары сөзсіз. Ал, 21 тоқтысын тегін үлестіріп беру екінің бірінің қолынан келе бермейді. Қиын қыстау кезеңде халыққа қолдау білдіріп, көмек көрсеткен кәсіпкерге алғыстан басқа айтарымыз жоқ»,- дейді ауыл тұрғындары.


Соңғы жаңалықтар