Шардарада жаңадан отау құрған ерлі-зайыптылар алғаш рет сайлауда дауыс берді

None
None
ШАРДАРА. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Шардара ауданында жуырда ғана отау құрған жас отбасы алғаш рет сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жаушықұм ауылдық округінің тұрғындары Ержан Қожантай мен Әсел Айтбай сайлау науқанына немқұрайлы қарамай, белсенділік танытуды азаматтық парызым деп біледі.

«Бұл - өзіміз тұрып жатқан ауылдың болашағы үшін аса маңызды науқан. Сондықтан жұбайым екеуміз азаматтық құқығымызды пайдаланып, таңдау жасадық. Жергілікті тұрғындардың әл-ауқатының көтерілуі, жас кәсіпкерді қолдау сияқты маңызды мәселелер болашақ әкімдердің қолында. Сол үшін де іскер, білікті әкімді халықтың өзі сайлап алғаны өте орынды деп ойлаймын», – дейді Ержан Қожантай.

Айта кетейік, жалпы Жаушықұм ауылдық округінде 2452 тұрғын болса, оның 1274-інің дауыс беру құқығы бар.


Соңғы жаңалықтар